Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған,
Құлармын демей орға жар аттаған.
Ұлтының ақ бетіне қара дақ боп,
Қылығы ар-ожданды шабақтаған...
Ұшар қанат жан пырағым
Сөнбейтұғын шам шырағым
Көз жұмғанша ой тұрағым
Бойымдағы бойтұмарым.
Қашан болсын ой бұрарым
Көңілім қалап бойға ұнарым
Ақ сәулелі ақ нұр, әрім,
Бойдан түспес бойтұмарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері