Гүлсәнге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гүлсәнге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Әзағаң, Әзілхан сұрап, Асқарбек Қоңырұлы деген сазгердің «Гүлсән» атты әніне жазылған өлең.

Ұмыта алман өзіңді,
Аққұба тал кезіңді,
Тұла бойды, ақыл-ойды,
Баурап алған кезіңді.
Жылдар өтті арада
Жан тағатын таба ма!
Жаудыр көзім, жалғыз өзің
Мәңгі қалдың санада.
Құлағымда әз үнің,
Бал қылығың әзілін,
Сағыныштың сарқылмаған
Саған деген сазы мың.
Ардағым-ау, ардағым,
Өзің ғана арманым.
Алау жанға дару іздеп,
Осынау әнді арнадым.

25.11.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері