Қарлығаш пен құзғын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарлығаш пен құзғын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1435
Жанып жатты көлдің беті лапылдап,
Құзғын оған келді де ұшып жақындап,
Тез өртеніп кетсін деп,
Орны құрғап кепсін деп,
От үстіне тастады бір қу шөпті;
Көл бірақ та өзгерген жоқ қалпынан.
Бір Қарлығаш ұшып өтіп артынан:
«Жанып жатыр көл неге?
Өшірмеймін мен неге? –
Деп жалынға жалғыз тамшы су септі.
Тамшы деген немене?
Соған да от сөне ме?
Лаулады бір қалыпты.
Түсіндік тек біз мұнда:
Қарлығыш та, Құзғын да
Өз ниеттерін танытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері