Қыз сезімі
Қыз балалар сезімдерін,
Жеткізе алмай қиналады.
Тұңғиықта жүрек түбінде,
Жыр маржаны жиналады.
Мұң ұялаған көздерінен,
Жалын отты байқадым.
Баяу байсал сөздерінен,
Дала тұнып жайқалған.
Евгенийге хат жолдаған,
Татьяна емес пе еді?
Сезім отын жасыра алмай,
Қалам алып теңескені.
Тарих бетін ақтара алсақ,
Қорлан апам кешегі.
Ұлы сезім символы етіп,
Ақын Естай қолына,
Жүзік силап кеткені.
Ақын Естай шақырып досын.
Аманат етіп тапсырған.
Қорлан берген алтын жүзік,
Менімен бірге жерленсін деп,
Жарық шашып ғашықтық нұр,
Бесігіне махаббаттың,
Ол көрде де тербетсін тек.
Деген Естай көз жұмады.
Аттанып ұзақ сапарға.
Махаббаттың желбіреп туы,
Ұлылықпен қашанда.
1996 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі