Толық тәртіп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Толық тәртіп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1402
Көрші үш совхоз маманы
Кеңес құрып мал жайлы,
Өздерінше бағалы
Ақтарды бар мән-жайды.
Бірі айтты:
– Не себеп?
Жұмбақ болып келеді:
Айналма деп емдесек,
Қой қотырдан өледі.
Екіншісі ойланып,
Деді:
– Бізде басқаша.
Қой айналмадан өледі,
Қотырды емдей бастасақ
Өзінше ырза тілге кеп,
Деді үшінші мал маман:
– Мұндай бәле мүлде жоқ,
Бізде тәртіп орнаған.
Кеселді дәл көрмесек,
Біздерге кім сенеді?
Қай аурудан емдесек,
Мал тап содан өледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері