Везувий – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Везувий» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1327
Везувиймен ойнамаңдар.
Сөнді екен деп ойламаңдар.
Жатыр жалын кернеп ішін,
Сыйлау керек оның күшін.
Құс ұшпайды төбесінен,
Бұлт та өтеді шыр айналып.
Баяғыша кеудесінде
Құдірет оты жатыр жанып.
Қас емес ол католикке,
Сүймейді тек «Пиді5» жаны.
Жақпайды оған арбап жұртты,
Құдайды өзі алдағаны.
Қайда діні ардақтаған,
Римді қалай жанышты доллар?
Имандарын Америкаға
Сатты неге кардиналдар?
Кардиналдар, кардиналдар,
Везувийді еске алыңдар!
Сілкінсе бір баяғыша,
Қызыл топан от жаудырса,
Қайталаса Помпей сыйын,
Ұстау оны болар қиын!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері