Өлең, жыр, ақындар

Саяжай

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1416
Бір күні иесіне
Саяжай былай деді:
«Жаратқан Құдай мені
Кім үшін, білесің бе?
Жоқ, білмейсің.
Білсең, бұлай жүрмейсің.
Ішкенің алдыңда,
Ішпегенің артыңда,
Түнімен «сызасыңдар»;
Қызасыңдар,
Достарыңмен бірігіп,
Өліп-тіріліп,
Қайта бас жазасыңдар;
Жыртақтай жеңіл күліп,
Мәні жоқ өмір сүріп,
Осылай азасыңдар.
Бұл жерге ақын келсе,
Басқаша болар еді:
Жанына лапыл берсе,
Көңілі толар еді,
Шабытқа қонар еді.
Табиғат аясында
Қиялды қуар еді.
Саяжай саясында,
Тың жырлар туар еді».
* * *
Ақындарға аядай
Жетпей жүрсе саяжай,
Ақымақтар оларды
Қорлап жүр-ау аямай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Папамның әлдиі

  • 0
  • 0

Сықыр-сықыр бесігің,
Үйде жоқ мамаң, несі мін.
Папаң отыр әлдилеп,
Уайымсыз өс ұлым.

Толық

Жаттығу

  • 0
  • 0

Көрген кезде таң қалғам
Қимылына бірден мен.
Сөйтсем, Арман аңдардан
Жаттығуды үйренген.

Толық

Кім күшті?

  • 0
  • 0

Қара судың қабағы,
Бетінде ойнап шабағы,
Балықшының қармағын
Балық жиі қабады.

Толық

Қарап көріңіз