Қуандария болысы Көшекке айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қуандария болысы Көшекке айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2401
Жүрмісің сау саламат, інім Көшек,
Ер едің ел билеген, ермей өсек.
Тапсырған жұмысыңды жөндеместен,
Жоқ болды Өмірұзақ деген есек.
Өзіңмен ойласуға келе жатырмын,
Болады бұл туралы қалай десек?
Артынан алдыңғы арбаның еріп кетіп,
Өзің де асып жүрме Аламесек.
Ауырлап айтқанымды көрген жоқ еді,
Жетіру, Байдың ұлы, Қаракесек.
Кеуліңе келе қойса қолдасармыз,
Ағаңның иегі - жастық, төсі - төсек.
Және әуре Жәрекені ете қойсаң,
"Күң, - деймін, - кеуіл жықпас, көп күлешек".
Жүрсіндер жүрген жерді жасартам деп,
Бұлттай бәһәрдағы күркіресек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері