Пендеміз – Саят Қайратұлы

Бұл бетте «Пендеміз» атты Саят Қайратұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кейде іздейміз
Керектіні таппаймыз
Жалған дүние
Жабырқатты пендеңді
Деумен сірә
Адамдықтың пердесінен атаймыз

Шалқып кейде
Шар тарапқа симаймыз
Қалқып кейде
Өзімізді қинаймыз
Заманы деп
Адамы деп алдаумен
Сынық сылтау
Түбірімен жалғаймыз

Не керегін
Түсіне алмай түбімен
Тоғыстырмай топшылаймыз әйтеуір
Құлақ салып жүректің бір үнімен
Жүрміз әйту
Күйбең тірлік қамымен

Автр:Саят Қайратұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар