Зымырап барады өтіп, өмір, уақыт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Зымырап барады өтіп, өмір, уақыт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2176
Зымырап барады өтіп, өмір, уақыт.
Толқынға толқындарды жамыратып.
Бәйгеге түсіп озған ақбоз аттай,
Жағаға жатыр теңіз көбік атып.
Қол бұлғаған шақырды мені бақыт,
Жетуге, жетпейтіндей өмір уақыт.
Кешігіп кеш боп батсам, келер әлі,
Жалынан толқындардың таңым атып,
Таң болып шақырады мені бақыт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері