Жүрегіне жүрегі алау жағып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрегіне жүрегі алау жағып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Жүрегіне жүрегі алау жағып,
Қабағына қайратын алар жанып.
Қасиетті асқар-шың, әйел жаны,
Қарға құзғын қона алмас оған барып.
Әйел жаны армандай жыр-ән болар,
Адастырып жолыңды тұманға орар.
Құштарлықпен жетсе егер талмай ұшып,
Биіктерге тек қана қыран қонар.
«Қанаттыға» алдансаң кім айыпты,
Кім жаныңды кінәсіз шынайы ұқты.
Қарқылдаған жапалақ қарғаға емес,
Асқар-шыңға қыран құс лайықты.
Кеудесі шың, әйелдер шынар мүсін,
Тәлкегіне тағдырдың шыдармысың?
Қартаяды шыңдар да, күтуменен
Ұя салар, басына қыран құсын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері