Анашым – Ақнұр Асылбекова

Бұл бетте «Анашым» атты Ақнұр Асылбекова жазған ана туралы өлең берілген.

Анашым , сағындым мен өзіңді ,
Тауыстым-ау күш-жігерді ,төзімді ,
Жеткізе алмаймын ішімдегі сезімді ,
Есте жоқ , сол бір бала кезімді .
Сенсіз өткен талай-талай күндерді ,
Әрбір қара , тамылжыған түндерді ,
Кейде түс деп ойлаймын ,
Алайда мен ...
Ояна алмай сол түстен ,
Қайта соған бойлаймын .
Көріп жүрмін мейірімді ананы ,
Және оны елемейтін баланы ,
Қалай ғана , елемеуге болады ,
Сені сүйіп , әлпештейтін ананы .
Анашым болмасанда өмірде ,
Жүресің тек сезімім мен көңілде.
Көргенменен есте жоқ ,
Сұлу бейнен анашым ,
Көз алдыма елестер ,
Сен мен үшін дарасын .


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар