Бұл бетте «Таңжарық» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құс жолында қозғалады әз оттар,
Күн астында қасірет бар, ғажап бар.
Шаңырағын күнге ұқсатып көтерген,
Мағжан сынды қазақтар...
Қараңғыда кеудемізді ар қарып,
Жарық сүйдік, күнге қарай қарманып.
Сұлтанмахмұт көкке қарай өрмелеп,
Күн шығыстан үн қатады Таңжарық!
Көрінбеген кеңістікте көсіледі қиялым,
Көк астына қазақ болып сиямын...
Таңжарықтар туған-ды
Мүлгіп жатқан өлкені
Оятпаққа иісімен қою қызыл сияның...
Мақсат көрмей тәтті өмір мен бақты үлгі,
Алаштықтар ар алдында сап құрды.
Жолдыұлы Таңжарықтай тарландар
Ұлы мүдде алдында
Асыл жанын Күнге қарай лақтырды...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі