Жұлдыздарға сыр ашқан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұлдыздарға сыр ашқан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Жұлдыздарға сыр ашқан,
Қашып кетті түн жырақ.
Әрнені ойлап тұр аспан,
Сұп-сұр болып тұнжырап.
Жыламаса не етеді,
Өзегін ой қамшылап.
Әлсін-әлсін кетеді
Көзінен жас тамшылап.
Бұлт бүр жарып, гүлдейді,
Гүлін жел кеп үрлейді.
Күлерін де білмейді,
Жыларын да білмейді.
Таң атып бір, күн батқан,
Бірде жабық, бірде ашық.
Көк аспанның зіл-батпан
Иығынан тұр басып.
Елші етіп бір тамшысын,
Тамшыға гүл сыр ашқан.
Найзағайдың қамшысын
Үнсіз күтіп тұр аспан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері