Мұңды бала көңілі
Жалғыз үй бар - іші мұңға толған,
Жалғыз үй бар - бала есім жоғалған.
Анасын іздеп жылаған дауыс шығады,
Бала күлкісі естілмейді бұл маңнан.
Балалар үйі
Салқын ызғар еседі бұл шаһардан.
Бір бала бар, көз алдына келетін жалғыз үйі,
Жаңбырша аққан тамшылар қос жанардан.
-Заңғар, сен мұнданеістеп отырсың?
-Отырмын, ата-анамды сағынып,
Не күлерімді, не жыларымды білмей қамығып.
Әке-шеше сонша қатал бола ма екен?
Кей аналар жүреді ғой, бір балаға зарығып.
Түнде жылап шығамын көрпе астында,
Сұрауы болады ғой көз жастың да.
Бұл өмірге келгеніме өкінемін,
Ата-анама керегім болмады ма?
-Олай деме, балақай, олай деме,
Өзіңе сен өзгеге сене көрме.
Ата-анаңа сен қымбатсың жақұттан да,
Жүрегіңе ұялатпа бөлек бөлме.
-Жаңадан келдіңіз ғой, не білесіз?
Бұл үйменен жүрегім менің егіз.
Балаларды көріңізші балаңыздай,
Менен сізге болсыншы жылы лебіз.
-Балаңыз бар ма сіздің айтыңызшы?
Баланың тәтті шығар әр күлкісі!
-Иә, балам болған,
Айналам да қуанышқа толы болған.
Сәбилердің күлкісі бөлек, шіркін!
Сол күлкі гүлдей болып қалды солған.
-Неге, неге «балам болған» дейсіз?
Айтыңызшы неге сіз үндемейсіз?
«Балам бар» деп қуанышпен неге айтпайсыз?
Бала деген – періште түсінгейсіз.
-Балапаным мені тастап кете барды,
Балалық тәтті шақты көре алмады.
Құдайым алды оны өз қасына,
Амал не қалдырғанда өз қасыма.
-Кешіріңіз,білмедім,артық кеттім,
Күлімдеген жүзіңізді мұңды еттім.
Сізді көріп алыстан, көкке ұшып,
Қуанғаннан күлімсіреп «мама» деппін.
Балаңыз болайыншы үміт артар,
Қуаныш пен қайғыда шер тарқатар.
Маған ана болыңызшы, өтінемін,
«Әпер» деп жыламаймын көп ойыншықтар.
-Балақай,ойланайын,толғанайын,
Жүрегімді тыңдап жүріп, жол табайын.
Періштелер тілегіңді қабыл қылар,
Сендей тәтті баладан айналайын!
-Жарайды,кеш батыпты,мен кетейін,
Ертеңде сізбен бірге сыр шертейін.
Достарым күтіп қалған шығар мені,
Сіз үшін бір Аллаға дұға етейін.
Тәрбиеші барды үйіне, күйеуіне асыға,
«Бір бала бар» деп айтуға, қуаныштан жар сала.
Тәрбиеші балақайды баласындай көрер ме?!
Күн нұры мен түнек бұлты жер жүзіне төнерде.
-Отағасы, айтайыншы сізге үлкен қуаныш,
Бір бала бар керек оған өмір бойы жұбаныш.
Баламыздың орнын басар деп сенеді жүрегім,
Қуанышта, қайғыда да шер тарқатар тірегім.
-Жарайды,асырайық, ол баланы,
Баламыздай болып кетер жат көрмей-ақ.
Жазайық жүректегі көп жараны,
Періште,Алла берген көпсінбей-ақ.
Қуанышы ұласты үлкен тойға,
Жақсы ойлар келеді небір ойға.
-Сәлеметсізбе?!
-Сәлеметсің бе, балам?!
-Балақай мың ойланып, мың толғандым,
Қуаныштан көкке жетті зор бағым.
Өткеннің еншісіне тапсырайық,
Тасқын судай болып өтсін болған күн.
Мінекей, бәрі жақсы аяқталды,
Жырым менің шегіне таяп қалды.
Жетімін жылатпаған қазағымның,
Жылы жүрек, жылы құшақ жыры ақталды!
Ануабекова ЖұлдызКенжебекқызы
Атырау облысы,Исатай ауданы,Жанбай ауылы
Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов
атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы
Жетекшісі: Садирова ӘселАдайбекқызы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі