Әкем менің! – aknur_sultan

Бұл бетте «Әкем менің!» атты aknur_sultan жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әке деген-асқар тау бір дара сынды,
Ұғынар сенің әр көз-қарасыңды.
Еркелетіп, бар мейрімін төгіп жүрген,
Менің әкем, иә, әкем бала сынды!

Бұл орынға ешкімді теңемеймін,
Жақсылықтан басқаны тілемеймін.
Маған айтқан әр сырлы сөздеріңді,
Жүректе ұмытылмастай шегелеймін.

Барлығының қорғаны болып жүрген,
Мен қуансам, қуанып ол да күлген.
Не сұрасам, тек соны әперетін,
"Балаларым үшін" деп өмір сүрген.

Мен көрген қиындықты көрмесін деп,
Тектен-текке мұңайып жүрмесін деп.
Аштық пенен жоқтықты бұл өмірде,
Өмір бақи естімей,білмесін деп.

"Үмітімді ақтар" деп болашақта,
Ең жақын адамым деп санасақта.
Мына бес күн өмірде ойлап көрші,
Әке керек,қай жаққа қарасақ та.

Арманға жетем деген бар амал бар,
Бұл адамның ерекше бағы болар.
Кеш болмай,өкініп тек қалмас болсаң...
Дер кезінде әкелерді бағалаңдар...!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкем менің! өлеңінің авторы кім?

aknur_sultan — осы өлеңнің авторы.

Әкем менің! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкем менің! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкем менің! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар