Атырау
Жанға жайлы Ақ Жайықтың жағасы,
Жастайынан батыр болған баласы.
Атырауда туылдым деп мақтанам,
Ұлы өжет, даңқты батыр бабасы!
Атыраудың жері қанмен жуылған,
Үш жүз жетпіс жыл бұрын ол құрылған.
Жұртымыздың жалғыз бассыз ақыны,
Махамбетте осы жерде туылған.
Мұқағали ғашық болған жасында,
Намыс тұнған Атыраулық асылға.
Поэзия падишасы қазақтың
Фаризаның туған жері осында.
Атырауға қонақ болып келсеңіз,
Бағасын тек батырлықпен өлшеңіз.
Жалынды жыр жаза білген ақының,
Жұмекеннің ақ бесігі білсеңіз.
Атырауым мәңгі есімде тұрады,
Талай ақын-жазушының тұрағы.
Біле – білсең дәл осында туылған,
Нарын құмның наркескені Нұралы!
Қазағымның астанасы мұнайлы,
Жайық, Каспий, Нарын оның шырайы.
Рухы биік, даңқы асқақ Атырау,
Ерекше күш беріп тұрған сыңайлы!
Сәдіров Сәттібек Адайбекұлы
Атырау қаласы,
Н. Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының 11-сынып оқушысы
Жаза алмайммын
Керемеи ән осыны айтамын рахмет сізге☺️❤❤
Myrza
Өте керемет