Өлең, жыр, ақындар

Жыршы

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Iзбасар Шыртановқа

Мына шер –
менiң-дағы шерiм едi.
Қабырғам қақ айырылып сөгiледi.
Сөз бiткен толқындардай бүктетiлiп,
серпiлiп қайта кейiн шегiнедi.
Бiр сәтке –
жер менен көк теңескендей.
Бiр сәтке –
түн менен күн кеңескендей.
Даусынан Маңғыстаудың сесi естiлiп,
демiнен Атыраудың лебi ескендей.
Iлесiп сол бiр жырға –
өкiнемiн.
Iлесiп сол бiр жырға
бекiнемiн...
Сөздерден аңқып иiсi боз жусанның
даладай ашылады көкiрегiм.
Жыршыны –
жан-жүрегi шырқыраған –
тыңдап мен сай-сүйегiм сырқыраған.
Дүние қарап қалды сол сөздерге
күздегi жапырақтай бұрқыраған.
Ойлантты –
ой бiткеннiң тереңдiгi.
Ойлантты –
ой бiткеннiң кемелдiгi.
Жапырып жiбергендей жамандықты
сөздердiң қара дауыл тегеурiнi.
Өкiнiп жанбай кенет өшкенiме,
өкiнiп ойсыз күндер кешкенiме, –
Қарадым күмбiрлеткен,
қоңыраулатқан
сөздердiң салтанатты көштерiне.
Кенелдiм сол бiр сырдан кенен сырға...
Бөленiп кеткендей ғой әлем нұрға...
Дүние жыршы болып,
ал жыршымыз
айналып бара жатты өлең-жырға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ержүрек кемелер

  • 0
  • 0

Көк долы көк теңiз
Ақ жал толқындарын
Аждаhадай көтерiп
Аспанға атқан кезде;

Толық

Оқиғалы өлең

  • 0
  • 0

Маңғыстаудың
Өңменіңнен өтетін
Ақ түтек
Үскірік бораны

Толық

Жанталас

  • 0
  • 0

Даламның үстiн
Түндей қап-қара бұлт басты.
Бiреулер олай қашты,
Бiреулер бұлай қашты...

Толық

Қарап көріңіз