Біздің ауыл қыздары – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Біздің ауыл қыздары» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көрші қызбен ерте ойнап, ерте күлдік,
Естеліктер аз емес ерке күндік.
Шаршы топта қосылып ән шырқасақ,
Оңашада ғашық сыр шерте білдік.

Қайырмасы:

Бал тамғандай тілінен,
Аумас көктем гүлінен.
Біздің ауыл қыздары
Бірі сұлу бірінен.

Қос жанары жүректі жаулағандай,
Ақ дидары тірі жан таңғалардай.
Өңі жайнап кететін ән салғанда,
Ертегіде арудан аумағандай.

Қайырмасы.

Осылар ғой жүректің нәр алғаны,
Базары құт балалық – бар арманы.
Аппақ еді-ау айдында жас аққудай
Ішіндегі ең артық жаралғаны.

Қайырмасы.

1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері