Қарашықтай қалашық – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Қарашықтай қалашық» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1712
Қала iшiнде,
Қала бар.
Қонағы оның - балалар…
Нән қамалдар,
Сәндi үйлер,
Ертегiге барабар…

Жүрегiме тұнып ән,
Қараймын да қызығам:
Салынғандай бұл қала,
Хрусталь мен шыныдан…

Мұз қалашық өркендеп,
Шат күлкiмен көркеймек…
Алаңдаймын:
Мұз-әйнек,
Сынып кетпесе екен деп…

Өзгеше ғой мынау қыс,
Шынығамыз – тұмаусыз…
Қарашықтай –
Қалашық,
Салғандарға мың алғыс!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері