Кездессем азын-аулақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кездессем азын-аулақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Кездессем азын-аулақ,
Көңлiңнiң назын аулап
қаламын мен.
Күн санап түрленетiн,
Көктеммен бiр келетiн,
Лала гүл ме ең?!
Мөлдiреп қарашығың
Елжiреп қарашы бiр,
Қалқатайым.
Баса алмай дiрiлiмдi,
Бiлектей бұрымыңды
тарқатайын...
Көлдегi қайыққа ұқсап
Айдынға жайып құшақ,
тербетiлем.
Жалындай жастығымның,
Бақытқа мас күнiмнiң,
келбетi ме ең?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері