Бұл бетте «Бейнем-ау (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.
О-о-оу, Бейнем-ау-ай.
Үш қиян — біз қонған жер самалдағы,
Бір көрмеу ақ жүзіңді обал дағы
Бейнем-ау, көз жаздырып кеттің қайда,
Гүл меңзес көбелектей көгалдағы?!
Жан едің төрде бұлбұл сайратқандай,
Өткіздік аз қызықты ойнап қанбай.
Ауылдан қыз кеткен соң — қызық кетер,
Қалды елің қара бұлтқа ай батқандай.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі