Шаштараз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шаштараз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Əлия,
Қолың алтын, жаның асыл,
Жiгiттiң сенi сүйген бағы басым.
Тiзiлтiп тiстерiндi күлген сайын
Ағыңнан жұмыртқадай жарыласың.
Əппақ тiс,
Ақша маңдай,
Қызыл ерiн
Ашып тұр қызғалдақтай қыз реңiн.
Жағаға жанай бiткен жас құрақтай
Бiлсемшi кiрпiгiңнiң сүзiлерiн.
Қиылған қиғашынан қасың қара
Қарлығаш қанатындай, расында да.
Көркi – Ай,
Көңiлi жай,
Мiнезi бай
Көркем жан сендей болар асыл дара!
Өзiң тал – гүлмайысқан, өзiң – қайың,
Сырлы саз сыбызғыдай сөзiң мəйiн.
Перiште кейпiндегi кескiнiңе
Қарар ма ем тауысқанша көзiм майын.
Өңде емес, таңда көрген түс елiндей,
Тумаған ту биенiң мүшелiндей
Қыпша бел қалай ғана үзiлмей тұр
Ширыққан домбыраның iшегiндей?!
Ақпейiл, қабағы ашық қарындасқа
Ағымнан еркiм бар ма жарылмасқа?!
Шашыма саусақтарың тиген сайын
Ду етiп шапшитындай қаным басқа!
Ақ бiлек,
Сүйрiк саусақ,
Ыстық демiң...
Апырай, ауды бiлем түстiкке Күн?..
Басы бар, ал баяны өзiңе аян
Аяғын сезсең еттi үш нүктенiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаштараз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шаштараз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаштараз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаштараз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері