Міскін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Міскін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Сыртыңнан ептелесің,
Ішіңнен жек көресің.
Тесіктен сығалайсың,
Есікке кептелесің.
Сыналап жұрт арасын,
Сыбырлап мін тағасың.
Тұманмен тұмшаланып,
Бұлтпен қымтанасың.
Күдік пен күмəн ішің,
Бүлік пен ылаң ісің.
Сайтанның сапалағы,
Сайқалдың сыңарысың!
Сырықтың сынығысың,
Қулықтың құрығысың.
Жансыздың ұрпағысың,
Жантықтың ұрығысың!
Бетпе-бет келе алмайсың,
Келсең де жеңе алмайсың.
Өзгені былай қойып,
Өзіңді неге алдайсың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міскін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Міскін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Міскін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міскін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері