Тыныштық таңы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тыныштық таңы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 636
/панорама/

Бұлаққа құлақ тостым күліп аққан,
Жеткендей бұлбұлдың да үні бақтан.
Оянды шымылдықтың аржағынан
Ажары перизаттай тұнық ақ таң.
Жиектен көтерілді Күн жəй ғана,
Күнбағыс бұрылды оған ыңғайлана.
Қабырдың айқұлағы елең қағып,
Тынысын тіршіліктің тыңдайды о да...
Бүршігін жаңа жарған жалаң етті
Емініп,
Есі шығып самал өпті.
Бауыры ақша бұлттың айқарады
Сауыры жалтыраған самолетті.
Нəркес көз,
Нəзік жаны нұрға ашыла
Жас қайың жас іліпті сырғасына.
Шыршалар жасыл тонын жамылып aп
Өрмелеп бара жатыр шың басына.
Көлеңдеп ақша бұлты көктің көлге,
Тамшы тұр тама жаздап шоқ гүлдерде.
...Əлден соң көшедегі адамдардың
Ішіне шым-шым батып кеттім мен де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық таңы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері