Шенеунік – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шенеунік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қонғандай қолтығыңа қос Құрылық?
Өзгені көзге ілмейтін,
Біз білмейтін
Бар ма еді болмысыңда басқа ірілік?
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қолтыққа қондырғандай қос Құрылық
Сенсіз де көншімей жүр көңіл шіркін,
Ішімде Көкжал өліп, Қасқыр ұлып!..
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қонғандай қолтығыңа қос Құрылық?
Ішімде бұғып жатқан қас дүлей бар,
Қайтесің қас дүлейге босқа ұрынып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шенеунік өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шенеунік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шенеунік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шенеунік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері