Не қайыр көктегі айды көксегеннен? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Не қайыр көктегі айды көксегеннен?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Не қайыр көктегі айды көксегеннен?
Өзіңді өкпем өшті өкшелеумен...
Ажарын ақ жүзіңнің айтпағанда,
Айналып кетпеймін бе бөксе, белден?!
Сабаздай саратанның салқыны ұрған
Асырдым əннің сазын алты қырдан.
Бейіштің самалындай хош иісті
Айналдым əтір сепкен алқымыңнан!
Дəм татсам тұнығыңнан, шырыныңнан..,
Құтылып кете алмассың құрығымнан.
Тотының тоқсан тоғыз тарауындай
Айналдым мың бұралған бұрымыңнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не қайыр көктегі айды көксегеннен? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Не қайыр көктегі айды көксегеннен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не қайыр көктегі айды көксегеннен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не қайыр көктегі айды көксегеннен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері