Шүкір, шүкір! – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Шүкір, шүкір!» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1475
Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,
дар арқаны — бір қыл арқан есілді.
Бір ат арба туарылды сол түні,
бір айбалта суарылды сол түні.
Үкім бірақ кетті айналып өлеңге,
өлеңге, ал, дар арқаны — көгенге...
Содан бері өлең жазам дегенде
белгісіз бір толқу тұрды денемде.
Ал, ат арба тезек тиеп жетті елге,
ал, айбалта кетті айналып кетпенге.
Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде
шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері