Керемет – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Керемет» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 947
Аспантөрден Ай сəулесі себелеп:
– Нені іздедің, – деді маған, – не керек?
– Іздегенім – көктен, жерден КЕРЕМЕТ.
– Е, солай де... жүрсің оны неге іздеп?
– Ой-санама алмақ едім негіздеп...
– Сонда қалай, бар ма сенде ой-сана?
– Қатынға ұқсап қазбалауды қойсаң, ə?!
– Өзінді-өзің танымасаң, білмесең,
Онда... онда сеніп жүрсің кімге сен?
– Бір Аллаға!!!
Өңгесінің бəрі бос!
– О, жарымес!
О, жарымес!
Жарымес!
– Мезі болдым... менен аулақ, əрі көш!?
– Адам шіркін шынымен-ақ азған-ау,
Сол Алла ғой КЕРЕМЕТІҢ, жазған-ау?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керемет өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Керемет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керемет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керемет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері