Қара емен едім, жұт алды

Бұл бетте «Қара емен едім, жұт алды» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 960
Қара емен едім, жұт алды,
бүп-бүтін болам мен қайдан?
Сындырды бір бұтамды
атылған оқ торғайға.
Мен де бір емен деп қызып,
шайқалар шағым бір тағы...
Бір бұтағымды кетті үзіп
әдепсіз желі арқаның.
Мен де бір емен деп өсіп,
барымды жайдым, барды айттым.
Түстіктің ыстық желі есіп
жапырағымды сарғайтты.
Жапырағымды ал, ала қаш,
ойының, жел-күз, қанбаса.
Атырау жағым жалаңаш,
Алатау жағым болмаса.
Мен де бір емен, жанымда
жел үзген жапырақ үркіп жүр.
Сілтенген балта тамырға
бұтақтарымды қырқып жүр...
Өсек те от, дұрыс бір
үрлейтін жел қайда бар?
Сол отыңнан бір ұшқын
түсті менің аулама.
Қоқыр-соқыр бар да еді,
бір салақтық болмай ма:
бықсыр екен қай жері,
соғар екен жел қайдан.
Іржәніктің сабаны
лау еткелі тұр тегі.
Малдың көңі... жанады
мақтасындай күртенің.
Гүлім бар-ды қыршын бір, —
еккен едім аулама.
Қызыл ұшқын ыршып жүр —
қорғайтын күш қайда бар?!
Қой, қой айқай жетеді,
өртшілерді шақырма.
Шапаныңның етегі
күйіп бара жатыр ма?
Ескілік деп езілген
келтіре алсам бір ебін,
бұл ауланы өзім де
өртейін деп жүр едім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара емен едім, жұт алды өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қара емен едім, жұт алды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара емен едім, жұт алды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара емен едім, жұт алды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері