Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1672
Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым
мәз боп оқыр ақын ем ескі жырын –
қолға алып ем, көк аспан бетіндегі
іріп кетті қоңыр бұлт секілденіп.

Бала қазым бар еді көлде момын,
көрмегенім жақсы еді, келмегенім:
бұғып жатқан бір жауыз мылтық атты –
қоңыр қаздың мамығын бұрқыратты.

Бұдан артық жаныңа батырар кім,
сәл шыдай тұр, мен де бір қатырармын:
Қоңыр қаздың мамығын жастық етіп,
қоңыр-қоңыр ой ойлап жатып алдым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері