Менің жайым мәлім болды – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Менің жайым мәлім болды» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1013
Менің жайым мәлім болды,
Сенің қалтаң қалың болды.
Қорғайтыным арым болды,
Ал тергеуші залым болды.
Сол тергеуші биыл мені,
Тұра алмастай құлатты ерте.
Бар дүние үйімдегі –
Бір кереует, бір-ақ көрпе.
Кесе-шәйнек, шелек-пелек,
Толы еді қоқысқа ошақ.
Бәрін хаттап бөлек-бөлек,
Жатты үйімді «опыс» жасап.
Қазақы там мыжырайған,
Осылайша қолды болды.
Тергеушіге тыжырайған
АКТ қағаз толды – болды.
Қарауытып талды көзім,
Уланды аңғал-саңғал жүрек.
«Қалай тұрдың жалғыз өзің?»
Деп тергеуші таң қалды тек.
Зар құсқанмен санам жүдеп,
Алдан үміт үзбейді екен.
Тергеушілер адамды тек
Соттау үшін іздейді екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің жайым мәлім болды өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Менің жайым мәлім болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің жайым мәлім болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің жайым мәлім болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері