Бұл бетте «Сырғанақ» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.04.2019
0
0
6062
Айналаны әппақ қып,
Түнде қар мол жауыпты.
Қыр үстінде топ бала
Салды сайран-сауықты.
Сырғанаққа айналды
Төбе басы, тау үсті.
Шана тайып, құласа –
Дос құшақтар қауышты.
Сырғанаса бірақ та
Мәшинелер қауіпті!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі