Бір күй шертем деп едім – шерте алмадым – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бір күй шертем деп едім – шерте алмадым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1479
Бір күй шертем деп едім – шерте алмадым,
енді маған ақылдың бер тарланын.
Күй алғалы көп болды көңілімді,
жүрегімді көп болды өрт алғалы.

Бір сөз айтам деп едім – айта алмадым,
бұзау болды тұлпармен қайтарғаным.
Жауырына ер батқан кербестідей
Қайқаңдадым, әйтеуір, қайқаңдадым.

Түбі шертем деп келем күйімді мен,
образбен ойымды киіндірем,
Кеуде шіркін табыттан табылғанша,
табылғанша жинағым үйіндіден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері