Қоңыр дәптер – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қоңыр дәптер» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2677
Қоңыр дәптер,
ойларымды жаныма батқан кілең,
саған айтам, өзгелер мақтанды дер.
Адаммын ғой, мен сейф емеспін деп
сенен өзге айтпайын мен ешкімге.

Қоңыр айдын, қазымды қомсынсаң ал
ойларымның аққуы қонсын саған.
Аққуымның, ырғалшы, түртіп төсін,
бірақ біреу оқ атып үркітпесін.

Қарекетім, тірлігім күндізгі ұсақ
түнде жыр боп жансыншы жұлдыз құсап.
Жұлдызымның жанарын жерге төнер,
қоңыр айдын, тербей бер, тербете бер.

Түскен шақта алыс бір кеш бұлдырап,
қоңыр айдын, мен сені кештім жылап.
Төңкерілген үстіңе аспанымды
сенен өзге көрмесін ешкім бірақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр дәптер өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр дәптер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр дәптер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр дәптер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері