Бетіңе талай шимай жатып ап жүр – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бетіңе талай шимай жатып ап жүр» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Бетіңе талай шимай жатып ап жүр,
Кей сөздің қызыл көзі шатынап жүр.
Шынымды жазайын деп арлылар жүр,
ақылды сөз жазам деп ақымақ жүр.
Әйтеуір бір шимайдың түсуі анық,
түскен сөзді, қанеки, ұсыналық.
Қайғысын жазсын бәз бір кісі налып,
бәз біреу жазсын мейлі ішіп алып.
Жинағандай соңғы үнем, ақырғы азық,
жанымды жұрт дәптер ғып жатыр жазып.
Безілдесін тек шын сөз, безілдесін,
жасқаншақтың жарық боп көзін жесін.
Бәрін жазсын кешірем, тек қана бір
арам ойдың иісі сезілмесін.
Талай арам бізді осы кетті аңыртып,
талай ордан тор жорғам тоқтады үркіп.
Сөз артында ор жатса, достым, сені
дәптер ғұрлы лақтырам отқа жыртып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері