Мен бiр жылы ағыспын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен бiр жылы ағыспын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Мен бiр жылы ағыспын,
Мəйiн, жұмсақ əуенмiн.
Əлiмсақтан таныспын
«Əлдиiмен» əлемнiң.
Əуенiмдi тыңдасаң,
Əуеге ұшып кетерсiң.
Өлеңiмдi тыңдасаң,
Өзiмдi iздеп кетерсiң.
Таба аларсың, таппассың,
Онда емес мəн-мағына.
Мəңгiлiкке батпас Күн,
Таң атады тағы да.
Сол баяғы жарық күн,
Сол баяғы «сұм жалған» –
Тасасында табыттың
Талшыбығы бүр жарған.
Əуен маған – ашына,
Өлең – өзiм сал керiм. ...
Табытымның басына
Тəжгүл қояр əлдекiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бiр жылы ағыспын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен бiр жылы ағыспын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бiр жылы ағыспын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бiр жылы ағыспын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері