Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы

Бұл бетте «Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 944
Елуде көрдік жылды Мешін деген,
Жұмбағы алда жатыр шешілмеген.
Ер жігіт, таланыңа бұл бір заман
Талғамай табылғанды жесін деген.
(Әбіқай Нұртазаұлы)

Қиямет деген осы ма,
Қарғыс деген осы ма?
Ел еңіреп босыған,
Ер елінен шошыған,
Қай заман бұл, қай заман?
Нар түйеде жая жоқ,
Ну орманда сая жоқ,
Намыс бар да, нану жоқ,
Нақыл бар да, ақыл жоқ,
Найза бар да, батыр жоқ,
Нарқы бар да, парқы жоқ,
Надан елдің салты деп,
Налиды да жылайды.
Құдай мұны қарғаса,
Бұл құдайға құлайды.
Жар астында жау деген,
Жол үстінде апат бар.
Нәлет тағдыр, әуреле,
Аямасаң, тапап қал!
Әбіқайды аяма,
Өлсем сүйек көмілер,
Бақыт мені табалап,
Қайғы маған егілер.
Қабырғаммен қайысып,
Мен ел қамын ойлаймын.
Дем біткенше таусылып,
Һәм денемнен жан шығып,
Домбырамның дауысын
Долы үніме қайраймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері