Еркетай қоңыр жел – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Еркетай қоңыр жел» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2018
  • 0
  • 3
  • 6546
Еркетай қоңыр жел,
Еркеме соқсаң егерде,
Күрсінгендей сыбырла,
— Кімдікі десе, — үндеме...
Ойнақы тұнық бұлақша,
Жолықса еркем егерде,
Бетіне жастай сорғала,
— Кімдікі десе, — үндеме...
Жайдары шуақ күнікей,
Еркеме түссең егерде,
Күйдіре қарап себезде,
— Кімдікі десе, — үндеме...
Қараңғы жым-жырт тоғайшық,
Қойныңа еркем кіргенде,
Бұтақпен төсін қытықта,
— Кімдікі десе, — үндеме...

Ілияс Фатимаға, 1927 жыл


Пікірлер (3)

Аяла

Өте әдемі өлең????????????????????????

Айару

Өте Керемммееееееетттт❣️

Айғаным

Жаман фуу????????????????????????????????????????????????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері