Шыда, шыда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шыда, шыда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1385
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Аман болсақ табармыз бір амалын.
Ағылады аузыңнан əлі-ақ ақ май,
Табылады тəңірден сұрағаның.
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Сонша неге түңілдің, тұраладың?
Есі бүтін перзенті емес пе едік
Екеуміз де Жер атты ұлы ананың?!
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Жұбанарың, əлі алда қуанарың.
О заманда бұ заман көріп пе едің
Жер-ананың емшегі суаларын?
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Сырт беретін кезі көп сыбағаның...
«Шыдам – құлдың құны» деп таусылғанда
Тауып айтқан сөзі бар ғұламаның.
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Шырқын кетіп сонша не жылағаның?
«Заман» деген əлі біз қу түлкінің
Қуып жүріп терерміз құмалағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыда, шыда өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шыда, шыда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыда, шыда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыда, шыда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері