Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1109
Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм,
Уақыт құйып жатыр көзге шерiн...
Өртенген жапырағы жадау бақта
Дерт емген күндерiммен кездесемiн.
Шапқылап,
шаң боратып, құйындаған
Күндерге ендi iлесу қиын маған.
Өмiрдiң өң-түсiне қарап қойып
Көңiлдiң əбеқоңыр күйiн бағам.
Жалғыздық – еншi, көршi ендi маған,
Жалғанның керек емес кеңдiгi оған.
Кiмге нəр, кiмге дəрi болар дейсiң
Көздегi ноқаттай мұң-меңдуанам...
Маза бер жүрегiме сен де, сезiм,
Қайтесiң мəймiлдетiп көз көзесiн?
Бұлбұлмен қоңыр бақта қош айтыстың,
Кiм бiлген, ендi кiммен кездесесiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері