Сен де мені тергемеші – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен де мені тергемеші» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1325
Сен де мені тергемеші
Шалқасынан туған айым.
Жер болғанда жерлемеші,
Мен де сені қинамайын...
Көтеріп кет көкте Күнді,
Алып қалам туған Айды.
Қалдыр маған көктемімді,
Жұтпасыншы ол да қайғы...
Екеумізге не жетпеді?
Бәлкім, ауа? Әлде Күн бе?
Жел несіне өбектеді?
Ынтызар ма әлдекімге?
Бөліспей-ақ ұмытайық,
Бөлінбейтін заңдылықты.
Келші, мұңды жылытайық
...Таң қылықты... жан күдікті...
Кешір желдің бостандығын,
Тым кешіккен көктеміңді!
Келер, бәлкім, тосқан күнің,
Суықсың деп сөкпе мұңды...
Бәрібір ғой, жазам осы –
Сүйе берер жүрек Айын!
Сен де мені қажамашы,
Мен де сенен сұрамайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен де мені тергемеші өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Сен де мені тергемеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен де мені тергемеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен де мені тергемеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері