Қыршын ақынға

Бұл бетте «Қыршын ақынға» атты Табылды Досымов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1960
... Өлеңнен алтын азап арқаладым,
Бақыты өтер ме екен бұйырмай-ақ...
Сағат Әбуғалиев

Жыр мұхитында желбіреп желкені желмен,
Тоқайластырған елжіреп ертеңін елмен.
Еркелеп жүріп елінің тентегіне ерген,
Шайырлар қанша шарапқа өртеніп өлген.

"Барса келместен" шақырып сайқымазақ үн,
Аттандың сен де фәнидің айтып азабын.
Артыңда қалды көмген соң көріңе өкірер,
Талайды қайқы, маңдайы тайқы қазағың.

Болмысты кезіп байқасаң, жаймен аңғарып,
Дүние-жалған, ақылмен ойлағанға анық.
Қай тентегіне тектілік танытар дейсің,
Махамбетінің басымен ойнаған халық.

Алдында ардың ақтығың санаттан өшіп,
Сәтсіздік-сайқал жатқанда тамақтан осып.
Шайыр біткендер шырмалып шырмауық-мұңға,
Жұтады сосын қайғыны шарапқа қосып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыршын ақынға өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Қыршын ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыршын ақынға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыршын ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері