Шашылған шегелер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шашылған шегелер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3772
Біз Шегеміз, Шегеміз,
Шашыламыз неге біз?
Құрылыста ұсталар
Не істесе де көнеміз.
Тетіктерді бекітіп,
Көкке жетер төбеміз.
Ал, бұл жерде безеріп,
Текке жатыр демеңіз:
Басып өтсе машина,
Доңғалаққа енеміз.
Шоферлардың басына
Біраз бейнет береміз.
Сонда ғана серпіліп,
Сергіп қалар денеміз.
Жатсақ-тағы қайда біз,
Тимесе егер пайдамыз –
Зиянкестік айламыз.
* * *
Ей, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Бейқамдықты тастаңдар,
Бізді текке шашпаңдар,
Дұрыс іске бастаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шашылған шегелер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шашылған шегелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шашылған шегелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шашылған шегелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері