Желтоқсандағы жыр – Табылды Досымов

Бұл бетте «Желтоқсандағы жыр» атты Табылды Досымов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 17094
«Мен – қазақпын!..»
Ж. Молдағалиев

Мен - қазақпын, жүре алмайтын
Шаттанбаса, күлмесе.
Мен - қазақпын,
Ішкен асын тастай салар жыр десе.
Мен - қазапын,
Ашуланып, талақ қылар тірлікті,
Шайға бола бір кесе...

Мен бұл күнде құл емеспін,
Күң емеспін, Азатпын!
Енді азатпын,
Басымыздан өткен талай тозақ күн.
Мен - қазапын,
Жалғыз атын сыйға арнайтын қонаққа,
Ертесіне қиналмайтын қазақпын.

Мен - қазақпын,
Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен.
Мен - қазақпын,
Азапты да, ғажапты да көп көрген.
Мен - қазақпын,
Жүрегімде шырылдаған шындықты
Жасқамаңдар шоқпармен!...

Мен - қазақпын, мен - қазақпын,
Қазақпын деп айтам ән.
Халқым үшін қан-додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тіберенсе,
Тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтұғын,
Арнасына сыймайтұғын қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсандағы жыр өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсандағы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсандағы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсандағы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері