Біздің ел – Табылды Досымов

Бұл бетте «Біздің ел» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 2
  • 2835
Қамшысының өрімі - сегіз өрім,
Қалқасының еріні - нағыз ерін.

Қобызының мұң-зары - құс қондырған,
Ұлы түгіл қыздары дұшпан қырған...

Періштеге айналып сайтаны да,
Озып келген бәйгеден батылы да.

Серісінің ерлігі анық дастан -
Сүйген қызын сұрамай алып қашқан.

Залымдары - мыңғыртып түйе айдаған,
Дарындары - бақаймен күй ойнаған

Ерлері бар жауларын жапыратын,
Тентектерінің өзі батыр-ақын...


Пікірлер (2)

Алинұр

Өте жақсы мен патшалыққа дайындалып жатырмын осы жаттау мен

Алинұр

Мен апталыққа осы жаттауға дайындалдым

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері