Өлең, жыр, ақындар

Құтты болсын мейрамың

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1121
Тілекпен жасы көлдеген,
«Көкірегімді ем» деген,
Адамның әйел анасы ед.
Құшағына бөленген,
Ақ сүтіне кенелген,
Ананың адам баласы ед.
«Адамды» «тәңірі» қарғады,
Анасын «адам» алдады,
Ақ сүттің дәмін ұмытты,
Қасиетті анасын,
Байлық қуған «баласы»,
Қорлыққа салды, күн, етті.
Ананың жасы көл болды,
Көкірегі шер болды,
Кеудесін жалын кернеді
Тілеген көктен тілекті,
Жаралы болған жүректі,
Октябрь туып, емдеді.
Әйелдің көзі ашылды,
Жеміс теңдік шашылды,
Кенелді әйел теріп жеп.
Қайта егіп тергенің
Қайта құрып ермегін,
«Әйел де адам» дегізбек.
«Ақылы жоқ» Бадиша,
«Жақыны жоқ» Қадиша
Бүгін елде кім деңдер?
Қызыл жұлдыз көкіректе,
Бастық боп ауылсоветке
Солар — анау жүргендер!
8-Март даңқты күн,
Сілкіндірген жер жүзін,
Әйелдің бүгін мейрамы.
Күңдікке қарсы аттанған,
Қатарын түзеп сапталған.
Әйелдің бүгін майданы.
Ұран:
— Күңдік жойылсын!.
Теңдікке әйел бой ұрсын,
Ерлер мен әйел тең болсын!
Еңбекші жалпы ерлермен,
Еңбекті сүйген жерлермен
Не көрсе де тең көрсін.
Еңбекші қазақ әйелі,
Құрысын күңдік баяғы!
Есіңді жи, көзіңді аш!
Қолыңа қызыл туыңды ап,
Беліңді бекем буып ап,
Теңдікке қарай жай құлаш!
Сенімен ұран саламын,
Құттықтап қарсы аламын,
Құтты болсын мейрамың!
Аяқты атта, алға ұмтыл,
Алдыңда ғана күтіп тұр,
Күндей күліп жайнауың



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Конвеер

  • 0
  • 0

Қайран қалып көрдім мен
Бір тамаша заводты.
Заводтың аты — Мереке,
Лайықты есім тауыпты.

Толық

Алдабергенов туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бастамай-ақ бұл жырды
Баяғы өткен Баяннан
Жырлайың жаңа өмірді,
Бастайық бізге Баяннан.

Толық

Жемісті ағаш

  • 0
  • 0

Суық түсі сұрғылт дала,
Өліктей боп қаны кепкен,
Тұрған кезде,
Октябрьдей

Толық

Қарап көріңіз