Адамдық қасиетіңнің мән-болмысы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамдық қасиетіңнің мән-болмысы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Адамдық қасиетіңнің мән-болмысы
Ой мен сөз бойындағы пәрмендісі.
Ой түбі ақыл болса, сөз арқылы
Көрінер ол ойыңның ең мәндісі.
Адамы ек қазақтың кең аспанының,
Тұтқыны емес едік бас қамының.
Қарынның ашқаны емес, куәсіміз
Бүгінгі сез қадірі қашқанының.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері