Өнер деп, өлең сөзді тандап едік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өнер деп, өлең сөзді тандап едік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Өнер деп, өлең сөзді тандап едік,
Ойы жоқ сылдыр сөзге бармап едік.
Ер құнын шешкен екі-ақ ауыз сөзді
Әділет заңына балап алған едік.
Сөз деген бүгінгі күн судай акты,
Төркіні танылмады құмға батты.
«Қызыл тіл — өнер алды» деген қазақ
Өз тілін орға жығып тұралатты.

20.05.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері