Өлең, жыр, ақындар

Жемқорлықты қалай жеңуге болады?

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Өз елін шексіз сүйетін, елі үшін еміренетін жас ұрпақ ретінде қазіргі таңда белең алып отырған жемқорлық атты қоғам дертіне бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан қолыма қалам алдым. Жемқорлық деген не өзі?
Мемлекеттің басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер. Күннен-күнге өршіп бара жатқан бұл індетті жоюдың жолдары бар ма? Әрине, басына үйірілген талай бұлтты сейілте білген көреген данасымен, көсем данышпандарымен әйгіленген ел ретінде жасампаздық пен өркениеттің дамыған шағында, жалынды жастардың бойында еліне деген махаббаты барында шешімі табылатынына сенімдімін. Ол үшін біз, жастар, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет жасауымыз қажет. Титтей де болса өз үлесімді қосу үшін төмендегі аргументтерді келтіріп өтсем деймін.
1. Қосымша сабақтар
2. Цифрландыру
3. Іс-шаралар, семинарлар
Жеке-жеке түсіндіретін болсам, қосымша сабақтар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Сол себепті де мектеп бағдарламасының бастауыш сыныбынан бастап «Адам және қоғам» сынды сабақтар өткізілсе баланың дүниетанымы кеңейіп, өзінің қоғамның бөлшектенбес негізі екендігін түсініп өсер еді. Ал өтпелі кезеңде бала айналасында болып жатқан дүниелерді аса сезімталдықпен қабылдайды. Сондықтан да бұл кезде дінтану сабақтары, мәдениет жайлы сабақтар, сонымен қатар, жеке ұлтжандылық немесе патриоттық сабақтар өткізілсе. Әрине әр пәннің әрбір сабағында, тәрбие сағаттарында елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру элементтері болады. Дегенмен, жасөспірімдер бойына осы құндылықтарды дарыту үшін жеткіліксіз секілді.
Цифрландыру. Қазіргі таңда тендр ойнату көбейіп кетті. Әрине, ақша бар жерде жемқорлық та қатар жүреді. Егер мұны да цифрландырса, жемқорлықтың алдын алар едік. Мысалға, әр қатысушы өз жобасын бағдарлама арқылы енгізсе. Ал халық өзіне ұнаған жобаны дауыс беру арқылы таңдаса.
Іс-шаралар, семинарлар. Үкімет халықпен жиі бас қосып, семинарлар өткізіп тұруы керек. Яғни, халыққа жақындай түсуі қажет. Халық пенен билік арасында алтын көпірден тығыз байланыс орнауы керек.
Сөзімді Елбсымыздың «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих¬тың шаңына көміліп қала береді» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Ендеше, елім деп еміренер ерлеріміз көп болғай!



Пікірлер (1)

Модератор

Өлеңдер бөліміне емес "мақала қосу" деп енгізу керек еді(егер өлең болмаса).
Ілмекер үтір арқылы қойылады.

Пікір қалдырыңыз

Алтын адам – тәуелсіз Қазақстанның символы

  • 0
  • 1

«Мәдени мұра» бағдарламасы а
ясында Қазақстан аумағындағы
тарихи-мәдени ескерткіштер мен
нысандарды жаңғыртқанымыз...

Толық

Қарап көріңіз